Препараттық нысандардағы пестицидтердің әсер етуші заттарының массалық концентрациясын анықтау

Сынақ зертханасы өлшеулерді орындау әдістемесіне сәйкес пестицидтердегі әсер етуші заттардың құрамына сынақтар жүргізеді. Өлшеу нәтижелері сынақ хаттамасы түрінде ресімделеді.

Сынақ зертханасы ұлттық және халықаралық стандарттардың талаптарына қатаң сәйкестікте біздің клиенттеріміздің сұранысын қанағаттандыратын, тиісті деңгейде және тиісті сапада қызмет көрсетеді.

Әдістің артықшылығы-оның жоғары дәлдігі.

Сынақ зертханасында өлшеулерді орындау үшін Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінде тіркелген өлшеу құралдары бар.

Талдау келесі кезеңдерден тұрады:

  • сынама алу;
  • анықтауға дайындық;
  • хроматографиялық талдау;
  • нәтижелерді өңдеу;
  • нәтижелерді ресімдеу.