Өсімдік шаруашылығы өнімі мен топырақтағы пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау
Сынақ зертханасы нормативтік құжаттарға сәйкес пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау бойынша токсикологиялық сынақтар жүргізеді. Өлшеу нәтижелері сынақ хаттамасы түрінде ресімделеді.
Сынақ зертханасы ұлттық және халықаралық стандарттардың талаптарына қатаң сәйкестікте біздің клиенттеріміздің сұранысын қанағаттандыратын, тиісті деңгейде және тиісті сапада қызмет көрсетеді.
Әдістің артықшылығы-оның жоғары дәлдігі.
Сынақ зертханасында өлшеулерді орындау үшін Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінде тіркелген өлшеу құралдары бар.
Талдау келесі кезеңдерден тұрады:
- сынама алу;
- экстракция;
- сығындыны тазарту;
- еріткішті айдау;
- сынақтарға дайындық;
- қалдықты хроматографиялау;
- нәтижелерді өңдеу;
- нәтижелерді ресімдеу.