Химиялық өңдеу

«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344 Заңының 7-2-бабында ҚР АШМ АӨК МИК «Фитосанитария» ШЖҚ РМК-ға таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлер тізбесіне енгізілген карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын жою және (немесе) шұғыл шаралар жүргізу бойынша мемлекеттік монополия функциясы бекітілген.

Карантиндік зиянкестер мен арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу «ҚР АШМ АӨК МИК Фитосанитарлық диагностикасының РММ зерттеу деректері мен болжамдарына сәйкес жүргізіледі.

2020 жылы карантиндік объектілерге қарсы химиялық өңдеу бойынша қызметтер 17,3 мың га алаңда көрсетілді, жоспар бойынша 19,5 мың га, бұл жоспарланған көлемнің 88,6% — ын құрады.

#

6,8 мың га алқапта қауын шыбынына қарсы химиялық өңдеу жүргізілді, Оңтүстік Американың қызанақ көбелегі (ашық топырақта) – 222,4 га, жеміс дақылдарының бактериялық күйігі - 753,1 га, алқапта карантиндік арамшөптер - 9,6 мың га.

2021 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша 16,4 мың га алаңда қызмет көрсету жоспарлануда.

Кәсіпорын жарғысына сәйкес басқа да қызмет түрлері жүзеге асырылады: зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, оның ішінде шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу.

Кәсіпорынның автокөлік паркі түрлі модификациядағы, жүк көтерімділіктегі және мақсаттағы автомобильдермен ұсынылған. РМК балансында Италия, Ресей өндіретін бүріккіш техника бар. "Каффини" фирмасының желдеткіш тіркемелі және аспалы бүріккіштері зиянкестерге, жасыл желектер ауруларына және шегіртке зиянкестеріне қарсы а/ш алқаптарына қарсы химиялық өңдеулерде өздерін жақсы көрсете білді. Сондай-ақ кәсіпорында штангалық, аспалы мотор бүріккіштері және "Джон-Дир"фирмасының өздігінен жүретін бүрку қондырғысы бар.