Фитосанитарлық сараптама

«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344 Заңының 6-бабына сәйкес кәсіпорын қызметі Қазақстан Республикасының аумағында азық-түлік және ұлттық қауіпсіздікті, қолайлы фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі мемлекеттік монополия функциялары бар өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуге бағытталған мамандандырылған кәсіпорын ретінде өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйеге кіреді.

Карантиндік фитосанитариялық сараптама жүргізудің міндеті ҚР аумағын облыстар арасындағы тауар айналымы кезінде, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерге экспорттау кезінде карантиндік объектілердің енуінен және таралуынан қорғау болып табылады. Осы міндетті қамтамасыз ету үшін кәсіпорын облыстық филиалдардың күшімен фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімге карантиндік фитосанитариялық сараптаманы жүзеге асырады. «Өсімдіктер карантині туралы» Заңға сәйкес қызметтің бұл түрі монополиялық қызмет түрімен технологиялық байланысты болып табылады.

2020 жылы «Фитосанитария» РМК барлығы 26,6 мың сараптама карантиндік фитосанитариялық сараптама жүргізді, оның ішінде 17,8 мыңы экспортқа шығарылды.

Карантиндік фитосанитариялық сараптама жүргізу тәртібі

Жүк жөнелтуші "Фитосанитария" РМК-ға Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға №9 қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйіне карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысын алуға өтінім береді. Өтінім тіркелгеннен кейін қызметтер көрсетуге арналған шарт ресімделеді. Өнім үлгілерін іріктеу үшін карантинге жатқызылған өнімді жөнелту пунктіне барады және 2 данада үлгілерді іріктеу актісі жасалады ("Фитосанитария" РМК-ның 1-ші өкілі, 2-ші көрсетілетін қызметті алушы). Карантинге жатқызылған өнімнің үлгісін таңдағаннан кейін РМК маманы зиянкестердің, өсімдік ауруларын қоздырғыштардың және арамшөптердің болуына, оның ішінде карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлерді анықтауға карантиндік фитосанитариялық сараптама жүргізеді.

Қажетті іс жүргізу құжаттарын толтырғаннан кейін (жұмыс журналдары, төлем шотын жазып беру және т.б.) "карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйіне карантиндік фитосанитариялық сараптаманың қорытындысы", карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің бар-жоғын растайтын құжат ресімделеді.

Карантинге жатқызылған өнім үлгілерінде карантиндік объектілердің болуы анықталған жағдайда, "Фитосанитария" РМК маманы осы факт туралы ҚР АШМ АӨК МИК аумақтық бөлімшесінің мемлекеттік инспекторын хабардар етеді.

Карантиндік фитосанитариялық сараптама жүргізу

#

АҚК сынамаларды іріктеу


#

Вагондарда конустық зондпен сынама алу


#

Нүктелі қапты зондпен іріктеу


#

Қызанақ жемістерінің жылыжайларынан сынама алу


#

Карантиндік фитосанитариялық сараптама