Біз туралы
Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 72 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ФУМЭКС» республикалық мемлекеттік кәсіпорны базасында құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 205 қаулысына сәйкес «Фитосанитария» РМК Мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитеті болып табылады және ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.
Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары
Кәсіпорын қызметінің мәні өсімдіктерді қорғау және карантин, фумигация (зарарсыздандыру) және фитосанитариялық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Қойылған мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Карантиндік, зиянды және аса қауіпті зиянды объектілердің (организмдердің)таралу ошақтарын оқшаулау және жою;
- Карантинге жатқызылған өнімге карантиндік фитосанитариялық сараптама;
- Импорттық, экспорттық және транзиттік карантинге жатқызылған өнімді фумигациялау (зарарсыздандыру);
- Ауыл шаруашылығы өнімі мен топырақтың пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдық мөлшерінің болуына сараптама және талдау, әсер етуші заттың массалық үлесін айқындау бойынша өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын сертификаттық сынау және нитраттар мен нитриттердің болуына жеміс-көкөніс өнімдерінің сапасын бақылау;
- Тіркеуге ұсынылатын пестицидтерді (улы химикаттарды) өндірістік жағдайларда байқаудан өткізу үшін оларды өндірістік-көрсету сынақтары;
- Карантинге жатқызылған өнімді сақтау және тасымалдау бойынша қызметтер көрсету;