Сынақ зертханасы
ҚР АШМ АӨК МИК «Фитосанитария» ШЖҚ РМК-да үш сынақ зертханасы бар. Нұр-сұлтан қаласының сынақ зертханасы ГОСТ ISO / IEC 17025-2019 стандартының талаптарына сәйкес аккредиттелген, ҚР АШМ АӨК МИК «Фитосанитария» ШЖҚ РМК-да үш сынақ зертханасы бар. Нұрсұлтан қаласының сынақ зертханасы ГОСТ ISO / IEC 17025-2019 стандартының талаптарына сәйкес аккредиттелген, Петропавл және Қостанай қалаларының сынақ зертханалары аттестатталған (зертханада өлшеу жағдайын бағалау туралы куәлік бар). Зертхана штаты білікті мамандармен жасақталған. Сынақ зертханаларының мамандары біліктілікті арттыру курстарында өздерінің кәсіби даярлық деңгейін үнемі жетілдіріп отырады, тақырыптық семинарлар мен конференцияларға қатысады.
Зертханалар заманауи сынақ және өлшеу жабдықтарымен жабдықталған, зертханаға бекітілген қызмет (аккредиттеу) саласында өлшеулерді (сынақтарды) орындау үшін барлық жағдайлар бар.
Зертханалар қызметінің негізгі бағыттары:
- жеміс-көкөніс өнімдеріндегі нитраттар мен нитриттерді анықтау;
- әсер етуші затты анықтау бойынша химиялық препараттарға токсикологиялық сынақтар жүргізу;
- өсімдік шаруашылығы өнімі мен топырақтағы пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау бойынша токсикологиялық сынақтар жүргізу.
Сынақ зертханасының негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінің ережелері мен рәсімдеріне сәйкес өсімдік тектес ауыл шаруашылығы өнімдеріне, өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарына шарттық негізде сертификаттық сынақтар жүргізу.
- Сынақтарды жүргізудің толықтығы мен дұрыстығын, олардың нәтижелерінің объективтілігі мен дұрыстығын қамтамасыз ету.
- Пайдаланушыларға көрсетілетін қызметтердің сапа менеджменті жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Кәсіпорында үш сынақ зертханасы бар: