Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бас директоры бос лауазымына орналасуға кандидаттарды iрiктеудi жүзеге асыруға арналған конкурстық комиссия отырысының № 3-1 ХАТТАМАСЫ

Астана қаласы 03 қыркүйек 2025 жыл

Қатысқандар:
Комиссия төрағасы: С.С. Сакмолдин

Комиссия мүшелері: А.Т. Сулейменов
Б.М. Темирбеков 
Д.О. Турбекова

Комиссия хатшысы: А.Н. Сайлауова

Комиссия мүшесі А.Р. Амірқұлдың 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 443д бұйрыққа сәйкес, демалыс күнін алуына болуына байланысты конкурстық комиссия отырысына қатысқан жоқ. 

Күн тәртібі


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің және Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ресми сайттарында, enbek.kz сайтында 2025 жылы 15 тамызда жарияланған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бас директоры бос лауазымына жарияланған конкурс үміткерлерін іріктеу мәселесін қарастыру.

Үміткерлермен ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесінде әңгімелесуге келесі 2 (екі) үміткер жіберілді және қатысты:

1. Динара Ивановна Ширазова 

2. Батырбек Утегенович Баймаганбетов

Бос лауазымға үміткерлермен әңгімелесу 2025 жылғы 3 қыркүйекде сағат 11.12-де Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген  Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының 15-тармағына сәйкес, үміткерлердің қалауы бойынша Д.И. Ширазова және Б.У. Баймаганбетовпен ZOOM арқылы сұхбаттасу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілді.

Әңгімелесу барысы толықтай техникалық бейне жазба құралдарына жазылды. 

Конкурстық комиссия ашық дауыс беру жолымен, мынадай ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бас директоры — бос лауазымына тағайындауға ашық дауыс беру жолымен үміткер Батырбек Утегенович Баймаганбетовтың кандидатурасы ұсынылсын. 

2. Үміткерлерге конкурстық комиссияның шешімі хабарлансын.

Конкурстық комиссия мүшелерінің қатысқандары саны:

Ашық дауыс беру жолымен: «келісемін»-4, «қарсы»-0.

Қатысқандар:
Комиссия төрағасы: С.С. Сакмолдин

Комиссия мүшелері: А.Т. Сулейменов
Б.М. Темирбеков 
Д.О. Турбекова

Комиссия хатшысы: А.Н. Сайлауова